Қазақстанның СІМ басшысы Астанада өткен Холокост құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

Қазақстанның СІМ басшысы Астанада өткен Холокост құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

28.01.2026 19:11:18 108

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Астанада өткен Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күніне арналған салтанатты рәсімге қатысты. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 2005 жылғы резолюциясымен бекітілген және жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді.

Іс-шараға Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекеттік органдар, діни қауымдастықтар, халықаралық ұйымдар мен жұртшылық қатысты. Рәсімді Израиль Елшілігі, Германия Елшілігі және Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл тарихи жадты сақтау жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын айқындады.

Министр Е. Көшербаев өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы үндеуін оқып берді. Онда нацизм құрбаны болған миллиондаған адамдарды еске алу – бүкіл адамзаттың ортақ моральдық парызы екені атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстан саясатының негізінде толеранттылық, өзара құрмет және адам қадір-қасиетін қорғау қағидаттары берік орныққаны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1150162?lang=kk