Қазақстан ОРЕС Халықаралық даму қорымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан ОРЕС Халықаралық даму қорымен ынтымақтастықты кеңейтуде

29.01.2026 17:01:53 89

Сенаторлар Қазақстан Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Келісім ұзақмерзімді қаржыландыруға, инвестицияларды қорғауға және ынтымақтастықтың икемді шарттарына кепілдік береді.

Қаралған заң Қазақстан мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында әзірленді. Келісім халықаралық қор қаражаты есебінен ел мүддесіне сай келетін жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты қаржыландыру тетігін жан-жақты реттеу көзделген. 

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев сенаторлардың сұрақтарына жауап бере отырып, OPEC Халықаралық даму қоры Қазақстандағы бизнес-жобаларды қаржыландыра алатынын айтты. 

"Қор шетел валютасымен, әдетте, доллар немесе еуромен жұмыс істейді. Өзара іс-қимылға келетін болсақ, жеке субъектілер тікелей жұмыс істейді. Өйткені оларда электрондық платформа бар. Платформаға ОРЕС Халықаралық даму қоры Қазақстаннан келісімді ратификациялау туралы хабарлама алғаннан кейін қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, OPEC қоры өзінің өтімділігі бойынша ең жоғарғы шекті бес жыл ішінде 400 миллион долларға дейін белгілегенін атап өткім келеді. Әрі қарай бәрі бизнестің белсенділігіне байланысты", - деді ол. 

Заң нормаларына сәйкес, ОРЕС қоры әр қаржыландырудың алдында біздің елдің Үкіметіне жобаны қаржыландыру туралы хабарлайды. Пайыздық мөлшерлеме жылдық 2,5%-дан 5%-ға дейін, ал жеңілдікті кезең 6 айдан 24 айға дейін. Қарыз алу мерзімі 22 жылға дейін жасалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1150843?lang=kk