Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі ИКАО Кеңесінде баяндама жасады
30.01.2026 08:40:54 136
28 қаңтар 2026 жыл, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Кеңесі Президентінің офисімен келісуі бойынша, ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО Кеңесінің кезекті отырысында сөз сөйледі.
ИКАО Кеңесінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № C-DEC-234/2 шешіміне сәйкес, Қазақстан тарапы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласында (Қазақстан Республикасы) орын алған «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясының әуе көлігіне қатысты авиациялық оқиғаның тергеу барысы туралы Кеңес мүшелерін хабардар етті.
Сөз Кеңестің Президенті, мүшелері, Ұйымның Хатшылығы, сондай-ақ Кеңестегі бақылаушы мемлекеттердің және халықаралық авиация саласының салалық құрылымдарының өкілдері тарапынан тыңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1151132?lang=kk