Ақтөбеде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді
30.01.2026 13:30:23 189
Ақтөбе қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті.
Оқиға Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне тиесілі №8 мекеменің тексеру бөлмесінде орын алды.
Сәлемдемені рентген қондырғысын қолдана отырып тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталды. Бұл тұрғыда ҚАЖ қызметкерлерімен бірлескен сержант Айзат Құрмашев пен кинолог-маман Азат Ахуновтың қырағылығы, кәсібилігі және үйлесімді іс-қимылы өз нәтижесін берді.
Тексеру кезінде модем-роутер, портативті акустикалық колонка, үш зарядтау құрылғысы, сондай-ақ флеш-жинақтағыш тәркіленді. Сәлемдемені жіберген азамат ұсталып, заңнамада белгіленген тәртіппен әрі қарай тексеру үшін тиісті органдарға тапсырылды.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖ органдарымен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1151460?lang=kk