Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігі мен ӘРПК қолдану талқыланды
31.01.2026 08:07:56 107
Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының алаңында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара әкімшілік рәсімдердің біркелкілігі және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) жаңа нормаларын қолдану мәселелеріне арналды.
Дөңгелек үстел барысында ӘРПК құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру және әкімшілік актілерді қабылдау кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастырудың маңызы талқыланды.
Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, азаматтар мен бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізуде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған ӘРПК жаңалықтарына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар қабылданатын шешімдердің сапасын арттыру және әкімшілік заңнаманы біркелкі қолдану үшін соттар мен мемлекеттік органдардың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның Заң басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1152005?lang=kk