Маңызды ескерту. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады.

Маңызды ескерту. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады.

02.02.2026 13:28:13 127

📜 Соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынан келгендей болып хабарламалар түсуде. Онда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады.

 

Бұл — алаяқтар.

Олардың мақсаты қарапайым: сізді қорқыту, шатастыру және жеке деректеріңізді немесе ақшаңызды иемдену.

Алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтаңыз:

  1. Барлық ресми хабарламалар тек Салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген арналар арқылы келеді (ресми электрондық сервистер, push-хабарламалар және 1414 байланыс орталығы).
  2. СМС арқылы келетін ешқандай кодты айтпаңыз. Егер біреу «растау коды» немесе құпиясөзіңізді сұраса — бұл 100% алаяқ. МКК қызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды.
  3. Сілтемелерге өтпеңіз. Егер «салық органынан» келгендей күмәнді хатта «төлеу» немесе «тексеру» батырмасы болса — оны бірден өшіріңіз.

 

✅ Не істеу керек:

  • күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
  • бейтаныс жіберушілерге жауап бермеңіз;
  • жеке және қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеңіз;
  • ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеріңіз.

 

🔰Оңайлатынған салық режиміне көшу туралы жеке ескерту.

 

Оңайлатынған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (АСР) көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға болады.

Хабарламаны мына жолдармен беруге болады:

  • ЭЦҚ арқылы Салық төлеушінің кабинетінде;
  • E-Salyq Business мобильді қосымшасында;
  • банктердің қосымшаларында (Kaspi, Halyk, БЦК);
  • Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде жеке барып.

 

📌Салық органдары ешқандай кодтар, кезектер немесе «алдын ала жазылуларды» қалыптастырмайды және талап етпейді.

Сақ болыңыз. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады.

 

Ақпаратты тексеріңіз.

Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1152666?lang=kk