KazAID пен Таиланд Корольдігінің Елшілігі денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

KazAID пен Таиланд Корольдігінің Елшілігі денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

02.02.2026 18:08:12 176

KazAID пен Таиланд Корольдігінің Елшілігі денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2026 жылғы 30 қаңтарда KazAID кеңсесінде KazAID Басқарма Төрағасы А. Арыстанов пен Астанадағы Таиланд Корольдігі Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Оратай Пхубунлап Гунасийлан ханымның кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы сәуір айында Астана қаласында онкологияға бағытталған медициналық симпозиум өткізуге дайындық мәселесін, сондай-ақ медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Сонымен қатар KazAID пен Таиланд Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (TICA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумын жүзеге асыруға, оның ішінде денсаулық сақтау, цифрландыру және орнықты даму салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1153066?lang=kk