2026 жылғы 28 қаңтарда Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
03.02.2026 10:52:22 380
2026 жылғы 28 қаңтарда Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның барысында қала өмірі мен оның тұрғындарының мүдделеріне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Отырыс шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің отандық және шетелдік туристерді тарту мақсатында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның нөлдік мөлшерлемесін бекіту туралы ұсынысын қолдады.
Сондай-ақ Лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты пәтерлер мен тұрғын емес
үй-жайлардың меншік иелеріне ақшалай қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Бұрын мұндай ережелер болмаған, бұл азаматтарға тиісті қолдау көрсетуге мүмкіндік бермегені атап өтілді. Осы ережелерді қабылдау бюджеттен көмек алуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, қоғамдық қызығушылық тудыратын мәселелер қаралды. Атап айтқанда, газ тарату қондырғыларына газ құюды тоқтатуға байланысты жағдай талқыланды. Шарттарды бұзудың негізгі себептері төмен тариф және жабдықтың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы болып табылады. Осыған байланысты Өскемен қаласының әкімдігіне жаңа тарифті белгілеу мәселесін қарастыру туралы жолданым жолдау ұсынылды. Қала әкімдігі уәкілетті органдармен бірлесіп, газбен жабдықтау проблемасын, оның ішінде жабдықтың баға белгілеу және техникалық
жай-күйі мәселелерін шешудің мүмкін жолдарын пысықтауда. Қалада
81 газгольдер бар екендігі атап өтілді, олардың барлығы күрделі жөндеуді қажет етеді. Қоғамдық кеңес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне осы мәселені жан-жақты зерделеуге, жөндеу шығындарының қажетті есептеулерін жүргізуге, сондай-ақ үйлерді электр плиталарына ауыстыруды қоса алғанда, мүмкін болатын балама нұсқаларды пысықтауға ұсыныс берді. Оның ішінде бір үйді электр плиталарымен жабдықтау құнын, кабель желілерін ауыстырудың қажетті көлемін, тұрғындарға бір пәтерге есептегенде болжамды жүктемені, зардап шеккен пәтерлердің санын, жабдықтардың құнын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың санын анықтау тапсырылды. Сондай-ақ әкімдіктің басқа құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып, жиынтық талдамалық жазба дайындау және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында қала әкіміне тиісті жолданым жолдау ұсынылды.
Сондай-ақ, қыс мезгілінде қаланың көшелері мен тротуарларын тазарту жөніндегі Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын орындау мәселесі қаралды. Осы ұсынымдардың толық орындалмауына байланысты мәселе қайта қаралды. Қаланы қысқы күтіп ұстауға тартылған ұйымдар санының артуы байқалды.
2025-2026 жылдардағы қысқы кезеңде «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК және қосалқы мердігерлік ұйымдардың техникасын қоса алғанда, 182 бірлік техника тартылды. Бұл ретте тұрақты проблемаларға, оның ішінде тендерлердің шарттары туралы халықтың жеткіліксіз хабардар болуына және Аблакетка және Сол жағалау аудандарында тротуарларды жинаудың қанағаттанарлықсыз жай-күйіне назар аударылды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері одан әрі қарау және іске асыру үшін уәкілетті органдарға жіберілетін ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1153407?lang=kk