«Халық бухгалтері» акциясының алғашқы нәтижелері
03.02.2026 11:33:44 192
ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарымен бірлесіп, биыл 5 қаңтардан бастап кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігінің сапасын арттыруға бағытталған «Халық бухгалтері» республикалық акциясын қолға алған болатын.
Аталған акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Негізгі форматы облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында тегін офлайн-консультациялар беру.
Қаңтар-ақпан айларында консультациялар аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі. Ал наурыз айынан бастап аптасына екі рет өткізіледі. Қабылдау кестесі мен мекенжайлар МКК, МКД және МКБ ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердегі аққауынттарында жарияланған. Қабылдау орындары «Халық бухгалтері» деген маңдайша жазуымен белгіленген.
Акцияға мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері және 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер тартылды.
Акция басталғалы бері:
- 17,5 мыңнан астам салық төлеушіге кеңес берілді;
- 160-тан астам сұхбат ұйымдастырылды;
- БАҚ-та, телеарнада, радиода және әлеуметтік желілерде 2,5 мыңға жуық материал жарияланды;
- блогерлер мен инфлюенсерлерден 163 видео пікір алынды.
Шынайы диалог форматы өзінің тиімділігін байқатып, салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша практикалық кеңес алды.
Акция шеңберінде салық төлеушілерге консультациялар беріледі:
- оңтайлы салық режимін таңдау және өтпелі кезең мәселелері бойынша;
- арнайы салық режимдеріндегі салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер;
- электронды шот-фактураларды жазып беру;
- ҚҚС шегі, АСР және ЖБР кезінде ҚҚС бойынша есептен шығару мен қою;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері;
- салық міндеттемелерін орындау тәртібі және т. б.
«Халық бухгалтері» акциясы жалғасып келеді.
Осы орайда кәсіпкерлер мен азаматтарды тегін кәсіби кеңес алып, салық саласындағы сауаттылығын арттыруға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1153481?lang=kk