Қозғалысты қайта қалпына келтірген ота: Қонаевта МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық нейрохирургиялық ота сәтті өткізілді

Қозғалысты қайта қалпына келтірген ота: Қонаевта МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық нейрохирургиялық ота сәтті өткізілді

03.02.2026 12:06:06 139

Бірнеше жыл бұрын спинальды стеноз диагнозы қойылған науқас ірі медициналық орталықтарға жүгінуге мәжбүр болатын. Бүгінде осындай жоғары технологиялық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында сәтті жүргізілуде.

58 жастағы науқас қатты бел ауруымен және қозғалыстың шектелуімен ауруханаға түсті. Әр қадам ауырлық тудырып, күнделікті өмірі тек бірнеше метрге дейін ғана ауырсынусыз жүруге дейін қысқарған. Аурухана мамандары жүргізген кешенді диагностикалық тексерулер спинальды стенозды анықтады - омыртқа арнасының тарылуы салдарынан жұлын мен жүйке тамырлары қысылған. Уақытылы хирургиялық араласусыз бұл жағдай ауыр неврологиялық асқынуларға және мүгедектікке әкелуі мүмкін еді.

Шешім дереу қабылданды. МӘМС шеңберінде науқасқа омыртқа арнасының микрохирургиялық декомпрессиясы және гипертрофияланған байламды алу отасы жасалды - күрделі, бірақ өте тиімді араласу.

Отаны орындаған - жоғары білікті нейрохирург Гизатуллин Марат Римұлы, омыртқа патологияларын емдеудің заманауи микрохирургиялық әдістеріне терең маманданған дәрігер. Операцияның қауіпсіз өтуі мен науқастың тұрақты физиологиялық жағдайын қамтамасыз еткен - реаниматолог - анестезиолог дәрігері Бакриев Рият Айсамжанұлы, ол наркоз жүргізу және науқастың ота кезіндегі жағдайын кәсіби деңгейде бақылады. Дәрігерлердің бірлескен жұмысы ота жасауды қауіпсіз етіп, асқынулар қаупін азайтып, қалпына келу мерзімін қысқартты.

Операция сәтті өтті. Бірнеше күннен соң науқас ауырсынудың айтарлықтай азайғанын және жалпы жағдайының жақсарғанын байқады. Қазіргі уақытта ол дәрігерлерге ерекше алғыс білдіреді, өтйкені ақ халаттылар науқасты "аяққа тұрғызды".

-Осындай күрделі операцияның Қонаевта жүзеге асырылатынын күтпедім. Марат Римұлына, Рият Айсамжанұлына және аурухананың барлық ұжымына кәсібилік, ілтипаттылық және науқастарға деген қарым-қатынастары үшін үлкен алғыс айтамын, - дейді науқас.

Бұл оқиға өңірлік медицинаның дамуының нақты мысалы болып табылады. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, жоғары білікті кадрлармен және жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсету мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген. Бұрын мұндай көмек тек республикалық орталықтарда ғана қолжетімді болған.

Алматы облысының тұрғындары үшін бұл сапалы медициналық көмек өз тұрғылықты жерінде қолжетімді және ұзақ күтуге, басқа қалаларға қымбат сапарларға шығуға қажеттілік жоқ, науқастар өз жерінде жоғары деңгейлі мамандарға сенім арта алады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1153538?lang=kk