Абай облысында автокөлік иелері көлікті сатқанда мемлекеттік нөмірлерін жиі сақтап қалуда

Абай облысында автокөлік иелері көлікті сатқанда мемлекеттік нөмірлерін жиі сақтап қалуда

03.02.2026 17:28:15 169

        Абай облысының тұрғындары автокөлігін ауыстырған кезде үйреншікті мемлекеттік тіркеу нөмірінен бас тартпай, оны өзінде қалдыру мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік тіркеу нөмірін сақтау қызметі өңірдегі мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді және тұрақты сұранысқа ие. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды.

Көлікті есептен шығару кезінде мемлекеттік нөмір белгілері міндетті түрде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне тапсырылады. Алайда көлік иесі нөмір комбинациясын өзінде қалдыруға құқылы. Ол үшін мемлекеттік қызмет алу барысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторына алдын ала хабарлау қажет.

Тіркеу нөмірін сақтау мерзімі бір айға дейін белгіленген. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін нөмір жойылуға жатады, алайда өтініш беріп, мемлекеттік баж салығын төлеген жағдайда оны қайта қалпына келтіруге болады.

Қазіргі таңда Семей қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да 4500-ден астам мемлекеттік тіркеу нөмірі сақтаулы тұр. Олардың басым бөлігі – сұранысқа ие танымал нөмір комбинациялары.

Өңір тұрғындары бұл қызметті Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 249 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да пайдалана алады. Орталық келушілерге ыңғайлы режимде жұмыс істейді: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1153902?lang=kk