Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Исматулла Иргашевтің кездесті
04.02.2026 09:57:31 115
2026 жылғы 3 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Исматулла Иргашевтің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Ауғанстанмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Елші Б. Атамқұлов Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға жәрдемдесу, сондай-ақ ауған халқына гуманитарлық көмекті жалғастыру бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Дипломатиялық миссия басшысы гуманитарлық қолдауды сақтаудың маңыздылығын және Ауғанстанды өңірдің сауда-экономикалық байланыстарына кезең-кезеңімен тарту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар ауған мәселесі бойынша Арнайы өкілдердің Байланыс тобы жұмысының тиімділігі ерекше атап өтілді. Аталған топтың келесі отырысы ағымдағы жылдың 16 ақпанында Астана қаласында өтеді.
Өз кезегінде Арнайы өкіл И.Иргашев Өзбекстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және экономикалық қолдау шаралары туралы ақпарат беріп, көлік-логистика және басқа да салалардағы ірі жобаларды іске асыру перспективаларына қатысты бағаларымен бөлісті.
Сұхбат барысында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері де қарастырылып, Ауғанстан бағыты бойынша қазақстандық-өзбекстандық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1154276?lang=kk