Корпоративтік табыс салығы (КТС): негізгі жаңашылдықтар
04.02.2026 10:57:58 142
📘 Корпоративтік табыс салығы (КТС): негізгі жаңашылдықтар
Салық кодексіне КТС бойынша елеулі өзгерістер енгізілді. Негізгілеріне тоқталайық 👇
👥 КТС төлеушілер кімдер?
✔️ Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары
✔️ Қазақстанда тұрақты мекеме арқылы қызмет ететін немесе Қазақстандағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар
❗️Мемлекеттік мекемелер КТС төлеуші емес,
алайда орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары жеңілдіктер тізбесінен алынып тасталды → енді КТС төлейді.
📊 КТС-тің сараланған мөлшерлемелері
🔹 20% — жалпы мөлшерлеме
🔹 25% — банктік қызмет (бизнесті кредиттеуден басқа) және ойын бизнесі
🔹 3% — өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы және аквакультура өнімдерін өндіру және өңдеу
🔹 6% — ауыл шаруашылығы кооперативтері
🔹 әлеуметтік сала (КЕҰ-дан басқа):
• 2026 жылы — 5%
• 2027 жылдан бастап — 10%
📂 КТС бөлімі қайта құрылды
— табыстар жеке қарастырылған
— шегерімдер жеке көрсетілген
— жылдық жиынтық табысқа кірмейтін кірістер бөлек белгіленген
➡️ бұл нормаларды қолдануды жеңілдетеді
🏗 Инвестициялық салықтық преференциялар
✔️ қолдану — салық төлеушінің құқығы
✔️ активті тануға дейін немесе кейін шегерімге жатқызуға болады
✔️ бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді
✔️ ғимараттардың «өндірістік мақсаты» талабы алынып тасталды
✔️ активтерді жалға беру кезінде де қолдануға болады
✔️ бақылау кезеңі енгізілді
🧾 Тіркелген активтер
— амортизация нормалары сақталды
— жөндеу шығындары:
🔹 бірден шегерімге жатқызу
🔹 немесе капиталдандыру және амортизациялау (таңдау бойынша)
💱 Міндеттемелер мен талаптарды индекстеу
Валюта бағамының өзгеруінен туындайтын айырмалар
табыс немесе шығыс ретінде танылады,
бірақ сыйақы болып есептелмейді.
🚫 Шегерімдерге шектеулер
❌ оңайлатылған декларация негізіндегі СНР қолданатын контрагенттермен операциялар бойынша шығындар шегерімге жатқызылмайды
♿ Мүгедектігі бар адамдар ұйымдары (2025 жылдан бастап)
Шарттар:
✔️ қызметкерлердің кемінде 51% — мүгедектігі бар адамдар
✔️ еңбекақы қорының кемінде 51% — сол қызметкерлерге
КТС бойынша жеңілдіктер:
🔹 3–9 адам — КТС 50% азаяды
🔹 10 және одан көп — КТС толық босатылады
Сонымен қатар ҚҚС бойынша да жеңілдіктер бар.
📑 Әртүрлі КТС мөлшерлемелері кезінде бөлек есеп
✔️ табыстар мен шығыстарды әр мөлшерлеме бойынша бөлек есептеу міндетті
💰 КТС бойынша аванстық төлемдер
🔹 ЖЖТ шегі артты:
• бұрын — 325 000 АЕК
• қазір — 600 000 АЕК
➡️ орта бизнес үшін жүктеме азайды
🔹 1-тоқсанға аванстарды салық органы есептейді
(өткен жылдағы КТС-тің 1/12 бөлігі)
🧠 Жаңа табыс түрлері
— цифрлық активтер және майнинг
— құн өсімінен түсетін табыс
— ұзақ мерзімді келісімшарттар
— қаржы құралдары
💡 КТС бойынша өзгерістер икемділікті арттырады, бірақ есеп пен талдауға мұқият қарауды талап етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1154317?lang=kk