Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік істердің электрондық форматына көшті

Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік істердің электрондық форматына көшті

04.02.2026 12:44:22 204

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізудің электрондық форматына көшуі көшу туралы хабарлайды.

2025 жылғы 11 қарашадан бастап мемлекеттік кірістер органдары Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 737-1 және 743-баптарына сәйкес «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ)  ақпараттық жүйесінде электрондық іс жүргізуге толығымен көшті. Бұл әкімшілік – деликтік процесті цифрландырудың бір бөлігіне айналды.

Салық төлеушілерді уақтылы және ыңғайлы түрде хабардар ету мақсатында «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінде»  (СӘИЖ) жаңа функционал іске асырылды. Енді мемлекеттік кірістер органына келу туралы хабарламалар электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға электрондық форматта жіберіледі.

Хабардар ету:

- СӘИЖ АЖ салық төлеушінің жеке кабинетіне;

- электрондық үкіметтің веб-косымшасына;

- қосымша 1414 нөмірінен салық төлеушінің ұялы телефонына SMS – хабарлама арқылы келіп түседі.

1414 нөмірінен келген SMS – хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие екеніне назар аударамыз.

Мемлекеттік кірістер органдары азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс – қимылды жеңілдететін, ыңғайлы және қолжетімді ете отырып, цифрлық сервистерді кезең – кезеңімен кеңейтуді және жаңғыртуды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1154555?lang=kk