Қазақстан мен Португалия ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
05.02.2026 20:34:33 92Астана, 2026 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Португалия Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Жозе Атаиде Амаралдан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Кездесу барысында А.Исетов португалиялық дипломатты жылы қабылдап, оның тағайындалуы Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынына сенім білдірді.
Дипломаттар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі ахуалы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығына назар аударды. Бұл елдер арасындағы өзара тиімді байланыстарды едәуір жандандыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-португал ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытындағы жұмысты жандандыруға өзара дайындықтарын растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1155960?lang=kk