Жұмыссыздықты төмендету – әлеуметтік саясаттың басым бағыты
06.02.2026 08:31:06 129
Райымбек ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы сұранысты реттеу, жұмыссыз азаматтарды тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарды қолдау болып табылады.
Жәрмеңкені «Алматы облысы еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Райымбек ауданы бойынша мансап орталығы ұйымдастырды. Жәрменке аясында 28 жұмыс беруші тарапынан 56 бос жұмыс орны ұсынылды. Барлығы 58 азамат қатысты, оның ішінде пробация есебінде тұрған 20 адам қамтылды.
Шара қорытындысы бойынша 6 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, 30 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, ал 3 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Сонымен қатар 2 азамат «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.
Айтулы жиын еңбек нарығындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, азаматтарды тұрақты табыс көзімен қамтуға және олардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді алаң болып табылады.
Айта кету керек, мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156014?lang=kk