UAE SWAT CHALLENGE — 2026 жарысының алғашқы күнінде біздің екі команда бірден құрмет тұғырына көтерілді
08.02.2026 08:04:11 1039
Kazakhstan С командасы 1 мин 28 секунтта рекорд жаңартып жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемнің 48 елінен келген 109 команданың ішінде екінші орынғада Kazakhstan D командасы жайғасты.
Kazakhstan В Ресейліктерге сәл ғана есе жіберіп, 4 орыннан көрінді. Осы жерде айта кету керек Kazakhstan В командасы 1 мин 26 секунтта мәреге жеткен болатын. Бірақ өкініштісі 10 секунт айып уақыты қосылып көрсеткіштері 1 мин 36 секунтқа өзгерді.
Kazakhstan А үздік ондықтан көрінді. Ерлерден асып түскен Tomiris қыздар арасында бірніші, ал жалпы командалар ішінде 22 орында тұр.
#SWAT_Challenge
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1157038?lang=kk