Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған әдеби іс шара өтті
09.02.2026 08:44:50 344Брюссель, 2026 жылғы 8 ақпан - Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби іс шара өтті.
Іс шара поэзия бойынша ашық сабақ форматында ұйымдастырылып, Бельгияда қазақ тілі мен мәдениетін үйреніп жүрген балалар мен ересектертер белсенді қатысты. Бағдарлама аясында ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде орындалды, оның поэзиясының көптілді әрі халықаралық ортада да сұранысқа ие екені көрініс тапты.
Жылы әрі еркін атмосферада қатысушылар поэзияның ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы рухани байланыс құралы ретіндегі рөлі туралы пікір алмасты.
Бельгияда қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде өткен шарада, Мұқағали Мақатаевтың поэтикалық мұрасы бүгінгі көпмәдениетті ортада да өзектілігін сақтап отырғанын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1157092?lang=kk