Жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға 35,20 млн АҚШ долларын пайдаланды
09.02.2026 15:24:10 127
2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн АҚШ долларын (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды) құрайтын 223 785 өтініш орындалды.
Олардың ішінде:
- тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 22,09 млн АҚШ долларынан астам сомаға 139 759 өтініш орындалды;
- білім беру ақысын төлеу үшін 13,11 млн АҚШ доллары сомасына 84 026 өтініш.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру (21,61 млн АҚШ доллары сомасына 136 490 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу – 164,71 мың АҚШ доллары сомасына 1 108 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 119,36 мың АҚШ доллары сомасына 819 өтініш.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 12,15 млн АҚШ доллары сомасына 76 643 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (645,10 мыңнан астам АҚШ доллары сомасына 5 134 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (252,49 мың АҚШ доллары сомасына 1 827 өтініш орындалды).
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісінде білім алуға ақы төлеу мақсатында НЖ төлемдері туралы толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әр балаға 130,71 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде кезекті есептеу жүргізілді.
18 жасқа толмаған балаларға жыл сайын Ұлттық қордан алынған сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялауды жалғастырады. Одан әрі инвестициялаудың арқасында жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.
Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы келесідей (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық табысты қоса алғанда):
- үшінші жыл қатысып отырған балада 370 доллар 56 цент;
- екінші жыл қатысып отырған балада 263 доллар 93 цент;
- бірінші жыл қатысқан балада 130 доллар 71 цент.
Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы дербес алуы тиіс, содан кейін АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін уәкілетті операторға жүгінуі тиіс.
Бүгінде уәкілетті оператор ретінде келесі банктер тіркелген:
- "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім беру бойынша),
- "Халық банкі" АҚ (білім беру бойынша),
- "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру бойынша).
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және кәмелетке толған нысаналы жинақтарды алушылар бойынша, сондай-ақ тұрғын үйге және (немесе) білімге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Бағдарламаның шарттарын зерделеуге, нұсқаулар, қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасында тақырып бойынша келесі бейне түсініктемелермен және нұсқаулықтармен танысуға болады:
"БЖЗҚ" АҚ Төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0
"БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауаптар:
https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk
https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk
«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc
https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA
https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша кәмелетке толған қазақстандықтардың жинақтарды қалай тексеруге болатыны туралы нұсқаулық:
https://youtu.be/lP1JQ0CuCrs?si=rZV0_mziIQR1MAgL
https://youtu.be/qkBLyBVUzGY?si=7fjzS5O_ylBQvVyH
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1157762?lang=kk