Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі АМҰ Бас хатшысымен кездесті

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі АМҰ Бас хатшысымен кездесті

10.02.2026 08:05:45 225

Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов Америка мемлекеттері ұйымының (АМҰ) Бас хатшысы Альберт Рамдинмен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Елшіні Қазақстанның АМҰ жанындағы Тұрақты байқаушысы ретінде аккредиттеу туралы вербалды нотасының көшірмесі тапсырылды. Тараптар ұйымымен өзара әрекеттестіктің қазіргі ахуалы мен даму келешегін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

М.Ілиясов Бас хатшыны Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарымен, оның ішінде көпжақты алаңдар аясындағы ұстанымдарымен таныстырды.

Өз кезегінде А.Рамдин бейбітшілікті ілгерілету жолындағы бірлескен күш-жігерді нығайту мақсатында Қазақстан мен АМҰ арасындағы диалогты жандандыруға, сондай-ақ Латын Америка елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге қызығушылық білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1157973?lang=kk