Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады

10.02.2026 08:05:57 216

Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК-ті қоса алғанда, көпжақты алаңдар аясында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

«Орталық Азия – Үндістан» диалогын өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа ретінде одан әрі ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.

Министр Үндістанды Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктес ретінде атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың ерекше маңыздылығын айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың басымдығына, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен туризмді нығайтуға ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Елші кездесу үшін алғысын білдіріп, Нью-Делидің Қазақстанмен көпформатты ынтымақтастықты белсендетуге қызығушылығын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбатттастар екіжақты және көпжақты өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1157958?lang=kk