Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері Жарма ауданының жалпы білім беретін мектептеріне барып, үгіт-насихат және кәсіби бағдар беру жұмысы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.
Мекеме өкілдері үш мектепте болып, оқушыларды қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктерімен таныстырып, ҚАЖ қызметкері мамандығының маңыздылығы туралы әңгімеледі.
Кездесулер барысында мектеп оқушыларына жүйенің негізгі қызмет бағыттары, қызметке қабылдау шарттары, әлеуметтік кепілдіктер және мансаптық өсу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.
Үміткерлерге қойылатын талаптарға, қызмет өткеру тәртібіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсу шарттарына ерекше назар аударылды. Оқушыларға кәсіби даярлық, қызметтік тәртіп, қызметкерлердің жауапкершілігі және алдағы қызметтік даму перспективалары туралы толық мәлімет берілді.
ҚАЖ қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінің қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі, сондай-ақ сотталғандарды түзеу және олардың әлеуметтік оңалту үдерісіндегі маңызды рөлін атап өтті. Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары алынған ақпараттың практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.
— Кездесу өте пайдалы әрі танымдық болды. Біз қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет, академияға түсу шарттары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы көптеген жаңа мәлімет алдық. Бұл көпшілігімізге болашақ мамандықты таңдауға жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті, — деді оқушылардың бірі.
Іс-шара аясында оқушыларға мемлекеттік қызметтің артықшылықтары, бейінді білім алу, біліктілікті арттыру және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы да айтылды. Көрнекілік мақсатында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, ведомстволық оқу орнына түсу шарттары туралы толық ақпарат қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесу соңында қызметкерлер оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
— Мұндай кездесулер өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің маңыздылығын көрсетуге, мамандықтың жауапкершілігі мен әлеуметтік маңызын дұрыс түсіндіруге бағытталған, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.
