Иран Ислам Республикасының Ұлттык күні

Иран Ислам Республикасының Ұлттык күні

10.02.2026 12:54:30 119

2026 жылы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Иран Ислам
Республикасының Ұлттык күніне және Ислам революциясының 47 жылдығына орай ресми қабылдауда қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Иран арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Иран арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1158278?lang=kk