Қазақстан мен Испания энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
10.02.2026 19:54:14 116
Мадрид, 2026 ж. 9 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі
Данат Мұсаев Испанияның Энергетика жөніндегі мемлекеттік хатшысы Жоан Гроисардпен келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саланың орнықты дамуы, энергияға көшу, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Елші испан тарапына энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы, оның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық теңгерімді нығайту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы ақпарат берді.
Мемлекеттік хатшы өз кезегінде өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдіріп, «жасыл» энергетиканы дамыту, энергетикалық жүйелерді заманауи сын-қатерлерге бейімдеу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы Испанияның тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтау және диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1158782?lang=kk