Достық форумының отырысы «Қазақстан-Бразилия» және БАҚ үшін брифингі өтті

Достық форумының отырысы «Қазақстан-Бразилия» және БАҚ үшін брифингі өтті

11.02.2026 08:09:55 190

Бразилиа, 2026 жылғы 10 ақпан - Елші Болат Нүсіпов пен Ұлттық Конгресстің экс-Сенаторы Улиссис Ридельдің тең төрағалығымен Қазақстан Елшілігінде гибридті форматта «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының жыл сайынғы отырысы мен БАҚ-қа арналған брифинг өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстандағы Конституциялық реформаның негізгі аспектілеріне, алдағы Өңірлік экологиялық саммиттің күн тәртібіне, сондай-ақ 2025 ж. қыркүйекте Астанада өткен VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінің қорытындыларына басты назар аударылды.

Бразилиялық тараптан «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының Президенті және Вице-президенті Улиссес Ридельмен Кассиано Перейра Виана, Форумның Атқарушы директоры профессор Эдельсио Америкомен Бразилияның халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы журналистер мен коммуникаторлар қауымдастығының Президенті Фабиана Сейхан алғысөздерімен баяндама жасады.

Қазақстан Eлшісі өз сөзінде қонақтарды ел басшылығы жүргізіп жатқан реформалардың барысымен, оның ішінде негізгі Заңның түйінді тұстарына түсініктеме бере отырып, жаңа Конституция жобасымен таныстырды. 2026 жылғы Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастарын дамытудың негізгі бағыттары мен жоспарлары жеке ұсынылды.

Оңтүстік Америка елдері атынан VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің жұмысына қатысқан Теософиялық қоғамдастықтың мүшесі, жазушы Освальдо Конде (Бразилия) мен Аргентинадағы Ахмадия мұсылман қауымының Президенті, Америка мемлекеттері ұйымының (АМҰ) Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Комиссары, имам Марван Гилл (Аргентина) тақырыптық баяндамалар жасады.

Кездесу соңында форумның Бразилиялық қатысушылары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы достық және әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1158827?lang=kk