Қолдаудың жаңа бағыты: мемлекет өтейтін шығындар тізімі кеңейтілді

Қолдаудың жаңа бағыты: мемлекет өтейтін шығындар тізімі кеңейтілді

11.02.2026 12:44:39 176

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңартылған тетіктері енгізілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған.

«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, отандық кәсіпорындар ел ішінде теміржол арқылы басым тауарларды тасымалдауға жұмсалған шығындардың 50%-на дейін өтей алады. Өтемақының ең жоғары сомасы 10 мың АЕК, яғни 43,25 млн теңгені құрайды.

Бұл шара өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық қамтудың үлесін арттыруды ынталандыруға бағытталған.

Сондай-ақ, трансұлттық корпорациялармен жұмыс істеуді жоспарлаған компаниялар үшін халықаралық сертификаттауға жұмсалған шығындарын өтеу көлемі бес есеге артты. Мұндай сертификаттар ірі халықаралық ұйымдардың тендерлеріне қатысуға және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өтемақы мөлшері 3000 АЕК-тен 15 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Бұдан бөлек, «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына» өзгерістер енгізілді. Енді жыл сайынғы салық түсімінің өсім көсретіп отыру шарты жеті жылдан аз уақыт бұрын тіркелген кәсіпорындарға қолданылмайды (бұрын – үш жыл болған). Бұл өзгеріс өндірістік кәсіпорындардың толық қуатқа шығу мерзімін ескеруге және жаңадан құрылған компаниялардың көбірек мемлекеттік қолдау алуына мүмкіндік береді.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ. өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру жөніндегі ұлттық оператор болып табылады. Орталық өңеу өнеркәсібі кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бағыттары бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді. Атап айтқанда, кәсіпорындар технологиялық жабдықтарды сатып алу мен цифрлық шешімдерді енгізу, қызметкерлердің құзіретін және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға, өнімді сертификаттауға, бағалауға және сынақтан өткізуге, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын, оның ішінде аяқ киімге таңбалау қондырғыларын сатып алуға кеткен шығындарының 40%-ына дейін өтей алады.

Өтінімдер https://qazindustry.gov.kz/kk  порталында онлайн режимде қабылданады.

Бизнесті ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат https://qazindustry.gov.kz/kk ресми сайтында («Бизнесті ынталандыру» бөлімі) орналастырылған. Әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry кеңсесінде (Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы). Ашық есік күндері өткізіледі. Кеңес алу үшін +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444) нөміріне хабарласуға болады.

 

Qazindustry әлеуметтік желілерде:

🔘Telegram: https://t.me/qaz_industry

🔘Facebook: https://www.facebook.com/QazIndustry   

🔘Instagram: https://www.instagram.com/qazindustry/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1159110?lang=kk