Қызмет көрсету саласындағы еңбек мигранттары: қауіп-қатерлер көбіне қай жерде туындайды және олардың алдын алу жолдары қандай? Бұл мәселелер ХКҰ-ның «Еңбек көші-қоны – Орталық Азия» бағдарламасы аясындағы дөңгелек үстелде талқыланды.
11.02.2026 14:52:22 122
Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) «Еңбек көші-қоны бағдарламасы – Орталық Азия» жобасы аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары А. Қасымова, Д. Садықбекова «Мигранттардың сервистік еңбегі: Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы жұмыспен қамтылуы мен еңбек жағдайларын мониторингілеу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар сервистік секторда еңбек мигранттарын жұмысқа орналастыруға, еңбек жағдайларына, еңбек заңнамасының сақталуына, сондай-ақ жұмыспен қамтуды мониторингілеу және еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу тетіктеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың қажеттілігіне, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ақпараттандырылуын арттыруға, еңбек мигранттарының құқықтарын қорғауға арналған практикалық құралдарды дамытуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өңірдегі еңбек мигранттарының жұмыспен қамтылуы мен еңбек жағдайларын мониторингілеуді жақсарту бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1159205?lang=kk