Мұғалімнің жетістіктерін білім бөлімі мойындады
11.02.2026 17:07:35 117
Бүгін Осакаров ауданының білім бөлімінің басшысы Бекова Д.Е. КММ «А. Бөкейхан атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» информатика пәнінің мұғалімі Болат Бабектің еңбегін атап өтті.
«Грандэуер» командасы «ASTANA TECH CUP-2026» республикалық чемпионатында Autonomous Car Racing санаты бойынша III орын иеленіп, Түркия елінде өтетін Fibonacci International Robot Olympiad олимпиадасына жолдама алды.
Сонымен қатар, Болат Бабек өзінің кәсіби біліктілігін белсенді түрде дамытып келеді: педагог Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен «Орталық Азияның бастауыш және орта мектептеріне арналған STEM педагогтерін даярлау» атты халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті.
Алынған білім мен тәжірибе мектептің білім беру үдерісінде тиімді қолданылып, аудан мен облыс білімінің дамуына үлес қосады деп күтілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1159480?lang=kk