"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) келесіні хабарлайды.
11.02.2026 18:02:35 154
"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) келесіні хабарлайды.
2026 жылғы 20 ақпан мен 30 шілде аралығында Уйғыр ауданы Халыққа қызмет көрсету бөлімінде (ХҚКБ) Мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірыңғай электрондық кезек (әрі қарай БЭК) талондарын алдын ала брондау жүзеге асырылатын болады.
БЭК талондарын келесі жолдармен алдын ала брондауға болады:
- "EGov Mobile" мобильді қосымшасы арқылы:
- Пайдаланушы қосымшада тіркеледі;
- Филиал және өзіне қәжет бөлімді таңдайды;
- Қол жетімді нұсқалар арасында қажетті күн мен уақытты көрсетеді;
- 1414 нөмірінен (күні мен уақытын көрсете отырып) SMS арқылы брондау растамасын алады.
- eGov.kzпортал арқылы:
- ЭЦҚ немесе сәйкестендірудің басқа тәсілдерін қолдана отырып авторизациялау;
- Филиал және өзіне қәжет бөлімді таңдайды;
- Қол жетімді нұсқалар арасында қажетті күн мен уақытты көрсетеді;
- 1414 нөмірінен (күні мен уақытын көрсете отырып) SMS арқылы брондау растамасын алады.
Сондай-ақ, дайын құжаттарды беру секторларымен азаматтарды құжаттандыру секторы үшін бірыңғай электрондық кезек беру бұрынғы режимде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1159528?lang=kk