Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолдану ерекшеліктері

Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолдану ерекшеліктері

12.02.2026 10:14:54 148

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді, оған сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ең тиімді режимдердің бірі – арнаулы салық режимі (АСР) сақталды.

✅ Кімдер қолдана алады:

Меншік немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар шаруа және фермер қожалықтары.

📏 Жер көлеміне шектеулер:

Аумақтық аймаққа байланысты –

5 000 / 3 500 / 1 500 / 500 гектарға дейін.

Егер жер учаскелері әртүрлі аймақтарда орналасса – ең жоғары лимит қолданылады.

🌱 АСР қолданылатын қызмет түрлері:

  • ауыл шаруашылығы өнімін өндіру

  • өз өнімін өткізу

  • өз өндірген өнімді қайта өңдеу және сату

🚫 Акцизделетін тауарларға қолданылмайды.

💸 Салықтар мен төлемдер:

🔹 ЖТС (жеке табыс салығы) – табыстың 0,5%

🔹 жер, мүлік, көлік және әлеуметтік салықтардан босату

🔹 ҚҚС-тан босату (импорт пен резидент еместер үшін ҚҚС-тан басқа)

🔹 қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем жоқ

🗓 Есептілік:

Декларация жылына 1 рет – 31 наурызға дейін.

📌 2026 жылы АСР фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың тиімді әрі қолайлы құралы болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159850?lang=kk