2026 жылдың 10 ақпанында «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің өкілдері дөңгелек үстелге қатысты

2026 жылдың 10 ақпанында «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің өкілдері дөңгелек үстелге қатысты

12.02.2026 15:02:55 167

2026 жылдың 10 ақпанында «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің өкілдері «Мигранттардың сервистік еңбегі: Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы жұмыспен қамту және еңбек жағдайларының мониторингі» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің (Көші-қон қызметтері), Ұлттық статистика бюросының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді «Еңбек көші қоны бағдарламасы - Орталық Азия» жобасы аясында «Қайсар» қоғамдық қоры БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: сервистік секторда еңбекші көшіп-қонушылардың жұмыспен қамтылуы мен еңбек жағдайлары мониторингінің нәтижелерін таныстыру, сондай-ақ еңбек көші-қоны саясаты мен практикасын жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдарды талқылау.

Дөңгелек үстел барысында көші-қон саясаты, мигранттардың еңбек және жұмыспен қамту жағдайлары, заңнамалық және өңірлік деңгейлердегі мигранттардың еңбек жағдайларын жақсарту, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен бизнестің өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сервистік сектордағы еңбекші мигранттардың жұмыспен қамту және еңбек жағдайлары саласындағы саясат пен практиканы жетілдіру бойынша бірқатар практикалық ұсынымдар әзірледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1160187?lang=kk