Балқаш ауданында қайтарымсыз мемлекеттікгрант беру жұмыстары жүргізілуде
12.02.2026 17:43:56 163
Балқаш ауданы бойынша 2025 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант беру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аталған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға арналған. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, мүгедектігі бар азаматтарға, қандастарға және өзге де әлеуметтік санаттағы азаматтарға кәсіпкерлік бастамаларынжүзеге асыруға қолдау көрсетіледі.
Бағдарлама аясында барлығы 23 өтінім қабылданып, конкурстық комиссияның шешімі негізінде 19 азаматқа грант беру туралы оң шешімқабылданды.
Қазіргі уақытта грант иегерлері өз жобаларыніске асырып, кәсіпкерлік қызметтерін жүргізуде. Грант қаражаты жаңа жұмыс орындарын ашуға, табыс көзін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Балқаш аудандық Мансап орталығы тарапынангрант қаражатының мақсатты әрі тиімді игерілуінетұрақты мониторинг жүргізілуде. Жобалардың орындалу барысы бақылауға алынып, әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетілуде.
Сонымен қатар, 2026 жылға аудан бойынша 75 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Аудан көлемінде аталған грант бойынша халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға грант алушарттары, талаптары және құжаттарды тапсырутәртібі бойынша ақпараттық-кеңес беру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Аталған шаралар аудан тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға және халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1160528?lang=kk