Еріктілер акциясы: ардагерге құрмет – ұрпаққа үлгі
13.02.2026 17:21:46 242
Еріктілер акциясы: ардагерге құрмет – ұрпаққа үлгі
Еріктілер акциясы аясында Жарма ауданы әкімі аппараты мен Қалбатау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері зейнеткерлікке шыққан әріптесіміз, ұзақ жылдар бойы бас маман қызметін абыроймен атқарған Нұрғалиев Мырзабек Жақыпбекұлының үйіне барып, аула алдындағы қарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Аталған игі шараның мақсаты – мемлекеттік қызмет саласында көп жыл еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосқан ардагерге құрмет көрсету, қамқорлық білдіру және қоғамда өзара қолдау мәдениетін нығайту.
Еріктілер аула ішін қардан тазалап, үй маңындағы жолды ашып, аумақты ретке келтірді. Қарапайым көмек – үлкен құрметтің белгісі. Мұндай бастамалар мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби міндеттерін атқарып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілікті де терең сезінетінін көрсетеді.
Нұрғалиев Мырзабек Жақыпбекұлы көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметшілерге ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс пен сәттілік тіледі.
Үлкенге құрмет – ұлттың ұлағаты. Аталған еріктілер акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-garma/press/news/details/1161478?lang=kk