Арқалық қаласында 55 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
14.02.2026 09:30:34 143
Арқалық қаласында мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 55 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
2025 жылы Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан 48 пәтерлі тұрғын үй жөндеуден өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген болатын. Биыл аталған бағыттағы жұмыс жалғасып, Байтұрсынов көшесі, 12 мекенжайындағы 55 пәтерлі тұрғын үй баспанаға мұқтаж азаматтарға табысталды.
Жаңа тұрғын үйде 1 бөлмелі – 17 пәтер, 2 бөлмелі – 20 пәтер, 3 бөлмелі – 18 пәтер бар.
Пәтер кілттері көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді.
Бұл бастама – әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1161836?lang=kk