2026 жылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салықтық тексерулер бөлігінде

2026 жылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салықтық тексерулер бөлігінде

16.02.2026 12:13:32 112

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңартылған Қазақстан Республикасының Салық кодексі күшіне енеді. Құжат салықтық тексерулер жүргізу тәртібін едәуір өзгертеді. Реформаның негізгі мақсаты – бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту, бақылау рәсімдерінің ашықтығын арттыру және дауларды қарау мерзімдерін қысқарту.

Негізгі өзгерістер

  1. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді бөлу жойылады

Енді салықтық тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінбейді. Тексерулер жаңа регламенттелген рәсімдерге сәйкес тағайындалады. Бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сайтында жарияланған жария тізімдер қолданылмайды. Бұл тексерулерді тағайындау рәсімін неғұрлым нақты әрі жүйелі етеді.

  1. Кешенді салықтық тексерулерге шектеу енгізіледі

Кешенді тексерулер салық жүктемесінің коэффициентін (СЖК) ескере отырып тағайындалады. Егер салық төлеушінің СЖК-і тиісті сала бойынша орташа салалық жоғарғы көрсеткіштің кемінде 90%-ын құраса, сол кезең үшін кешенді тексеру жүргізілмейді.

Ерекшеліктер:

салық төлеушінің өз өтініші бойынша;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі негізінде;

прокуратура органдарының талабы бойынша.

  1. Талап қою мерзімінің тоқтатылуы

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу бөлігіндегі талап қою мерзімі салықтық тексеру басталған күннен бастап оның нәтижелері туралы хабарлама орындалған күнге дейін тоқтатылады.

Сонымен қатар, тексеру басталған күні талап қою мерзімінің аяқталуына 30 күннен аз уақыт қалған салық кезеңдері бойынша арнайы тәртіп қолданылады.

  1. Нұсқаманы табыстау және шағымдану тәртібі

Салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама ол жазылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге табысталуы тиіс.

Нұсқамаға шағым беру тексеруді тоқтатуға негіз болмайды.

  1. Құжаттарды ұсыну туралы талаптарға шектеулер

Шағын және микробизнес субъектілері үшін:

тексеру барысында құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен артық берілмейді;

талапты орындау мерзімі 10 жұмыс күні болып қысқартылды (қажет болған жағдайда, салық төлеушінің өтініші бойынша 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін).

Бұл өзгерістер әкімшілік рәсімдерді жеделдетуге және артық бюрократиялық жүктемені азайтуға бағытталған.

  1. Шағын бизнеске қатысты мораторий

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты салықтық тексерулерге мораторий енгізіледі (заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда).

Жалпы алғанда, енгізіліп отырған өзгерістер салықтық бақылау жүйесінің ашықтығын арттыруға, цифрландыруды дамытуға және адал бизнесті қолдауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1162337?lang=kk