№51 мектепте Батыс Қазақстан облысы ҚАЖ Департаментінің №28 мекемесінің тәрбие бөлімі қызметкерлері кадрлық саясат тобының қызметкерлерімен бірлесіп, он бірінші сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізді.
16.02.2026 14:12:40 158
Іс-шара аясында сотталғандармен телемост ұйымдастырылып, олар оқушыларға құқыққа қарсы әрекеттердің салдары және заңды сақтау маңызды екендігі туралы айтып берді. Оқушыларға заңнаманың нормалары мен қылмыс жасаған жағдайда жауапкершілік түсіндірілді, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері көрсетілді.
Осы іс-шара жасөспірімдерде құқықтық мәдениет қалыптастыруға, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және болашаққа саналы қарауға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1162425?lang=kk