Қостанай қаласында қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті
16.02.2026 17:55:24 92
Қостанай қаласында 2006–2008 жылдары туған жастар арасында қазақ күресінен Қостанай облысының чемпионаты өткізілді. Аталған жарыс облыстың спорт күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Чемпионатқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан келген спортшылар қатысты. Жарыс барысында әр салмақ дәрежесінде жоғары деңгейдегі белдесулер өтіп, қатысушылар өздерінің техникалық дайындығын, тактикалық шеберлігін және физикалық мүмкіндіктерін көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамыту, жас спортшыларды қолдау және дарынды балуандарды анықтау. Сонымен қатар, жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда табыс тілейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1162762?lang=kk