ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Абай облысының Өңірлік инвестициялық штабының отырысына қатысты

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Абай облысының Өңірлік инвестициялық штабының отырысына қатысты

16.02.2026 19:22:53 78

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Абай облысына сапары барысында Өңірлік инвестициялық штабтың (ӨИШ) отырысына қатысты.

Іс-шара облыс әкімдігімен мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Жұмыс сапары аясында алдымен Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдің инвестициялық даму бағыттары, инвестициялық портфельді қалыптастыру, сондай-ақ облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвесторларды сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Ә.Қуантыров Өңірлік инвестициялық штабтың отырысында инвестициялық саясаттың жаңа моделі өңірлердің әлеуетін ашуға және инвестициялық жобаларды белсенді ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.

Өңірлік деңгейдегі негізгі міндет – туындайтын мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ететін және жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайтын инвесторларды сүйемелдеудің тиімді жүйесін қалыптастыру.

«Өңірлік инвестициялық штабтардың жұмысы инвесторлармен өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл нақты жобалар бойынша проблемалық мәселелерді жедел қарауға, ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуге және өңірлердегі инвестициялық бастамаларды жүйелі түрде ілгерілетуге арналған алаң», – деп атап өтті ҚР СІМ орынбасары.

Отырыс барысында Абай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру, оларды инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, сондай-ақ инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді жою мәселелері қаралды. Мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Өңірлік инвестициялық штаб отырысының қорытындысы бойынша өңірдің өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған одан арғы шаралар айқындалды.

Сапар аясында Ә.Қуантыров облыс әкімімен бірлесіп «Agro Leader KAZ» ЖШС-нің бұршақ және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Кәсіпорынның іске қосылуы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға, экспорттық әлеуетін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Сондай-ақ Министрдің орынбасары өңірдің бірқатар өнеркәсіптік және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметімен танысты. Атап айтқанда, ол орауыш өнімдерін өндіру және қайталама шикізатты өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі – «Казполиграф» ЖШС-не, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу және жоғары қосылған құны бар өнім шығару жобаларын іске асырып жатқан пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу кешені – «Эйкос» ЖШС-не барды.

Өткен іс-шаралардың қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бойынша басым бағыттар айқындалып, Абай облысында жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайындық расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1162898?lang=kk