Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай “Сарыбел орта мектебі” КММ кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өткізілді.
17.02.2026 11:34:23 192
Барлығы жарысқа 5 команда қатысып, қызықты және динамикалық ойын көрсетті.
Қорытынды нәтиже бойынша:
І орын - мектеп оқушыларының командасы
ІІ орын - мектептің жас қызметкерлері
ІІІ орын - мектеп мұғалімдері
Сонымен қатар, ауыл жастары мен ауылдық округ әкімдігі алғыс хаттарымен марапатталды. Қатысқан барлық командалар медальдармен марапатталды.
Спорт - бірлік пен ынтымақтастықтың, достық пен құрметтің символы. Осындай жақсы іс-шаралар болашақта да жалғасады деп үміттенеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1163160?lang=kk