Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Парламенті Төрағасының орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Парламенті Төрағасының орынбасарымен кездесті

18.02.2026 08:15:26 157

Кишинёв, 2026 жылғы 17 ақпан. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламенті Төрағасының орынбасары Дойна Германмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың дәйекті дамуын растады және парламентаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Аталған реформалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен қолға алынған. Осы тұрғыда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері, сондай-ақ ү.ж.15 наурызына жоспарланған Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум туралы мәлімет ұсыныды.

А.Айдарбеков сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дипломатия саласындағы жетістіктері мен 2025 жылдың қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.

Өз кезегінде Вице-спикер Молдованың негізгі басымдықтарын атап өтті. Олардың қатарында еуропалық интеграция және сыртқы саясат, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді ынталандыру, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және климаттық күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және диаспорамен өзара іс-қимылды дамыту бар.

Д.Герман молдава тарапының екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіріп, Кишинёвтың өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1163843?lang=kk