2025 жылы сауда ел экономикасының 26% өсіміне үлес қосты

2025 жылы сауда ел экономикасының 26% өсіміне үлес қосты

18.02.2026 18:31:50 163

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа отырысында 2025 жылдың қорытындысына тоқталып, 2026 жылға арналған басым бағыттарды атап өтті. Министрдің айтуынша, өткен жыл саланың сенімді өсуі мен сауданың ел экономикасындағы рөлін нығайту кезеңі болды.

2025 жылы сауданың нақты көлем индексі 108,9% болып, жалпы экономикалық өсімге 26% үлес қосты. Ішкі тауар айналымы 14,6% өсіп, 80 трлн теңгеге жетті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 69,7 трлн теңге болған. Негізгі өсімді көтерме сауда қамтамасыз етті, оның көлемі 53,5 трлн теңгені құрады, ал бөлшек сауда сегменті 26,4 трлн теңгеге жетті.

«Соңғы үш жылдың ішінде алғаш рет салалық инвестициял тұрақты өсімді көрсетті», - деді министр. Инвестициялар көлемі бірден 42% артып, 1 229 млрд теңгеге жетті. Бұл бизнестің сауда секторына сенімінің артуын және жаңа өсу нүктелерінің қалыптасқанын көрсетеді.

Әлемдік сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы сауда да оң динамика көрсетті. Сыртқы тауар айналымы 1,3% өсіп, 143,9 млрд долларға жетті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 142,1 млрд доллар болған. Шикізаттық емес экспорт көлемі 1,2% өсіп, 41 млрд долларға жетті. Қызмет көрсету экспорты айтарлықтай өсімкөрсетіп, 3,7% арттып, 12,3 млрд долларға жетті. 2024 жылы бұл көрсеткіш 11,8 млрд доллар болған.

Жыл қорытындысы бойынша сыртқы сауда балансында оң сальдо 14,2 млрд доллардеңгейінде сақталды. Арман Шаққалиевтің сөзінше, қол жеткен нәтижелер сауданы әрі қарай әртараптандыруға, шикізаттық емес экспортты кеңейтуге және 2026 жылы интеграциялық процестерді күшейтуге берік негіз қалыптастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164649?lang=kk