Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілер палатасының депутаты Фатима Зугахтың шақыруымен Қазақстанның елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Орта Атластағы Фес-Мекнес аймағының Ифран провинциясы мен орталығы Ифран қаласында болып, қызықты әрі мазмұнды кездесулер өткізді.
19.02.2026 08:32:27 182

Сапар Азру қаласының Мәдени орталығымен танысудан басталып, одан әрі «Assafae» ауылшаруашылығы кооперативі, Ұлттық гидробиология және балық өсіру орталығы жұмыстарын көру, Ифран қаласы мэрінің орынбасары және Әл -Ахавайн университетінің президенті кездесулерімен жалғасты.
Сапар барысында келесі қызықты фактілер назар аудартты:
- Қазақ дәстүріндегідей, Мароккода да қонақ келгенде ас алдында және астан кейін қолына су құю дәстүрі сақталған.
- Балық өсіру орталығында Каспий теңізінен алынып келінген бекіре балықтарын жасанды түрде өсіріледі. Орталықтағы бекірелер Каспий теңізінде Ресей мен Иран арасындағы миграция кезінде ауланған.
- Мароккода «Барбар» макакалары мекендейді. Бұл приматтар балқарағайлы ормандарда тіршілік етеді және қыс мезгіліндегі суық климатқа жақсы бейімделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1164750?lang=kk