Екібастұз қаласының ірі сауда нысандарында қәсіпкерлермен кездесулер өтті

Екібастұз қаласының ірі сауда нысандарында қәсіпкерлермен кездесулер өтті

19.02.2026 12:07:08 147

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне көшу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Құрметті кәсіпкерлер! 2026 жылғы 28 ақпан – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берудің соңғы күні. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде ауыспау үшін хабарлама жіберуді кешіктірмеңіздер.

Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілерге 2026 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсыну қажет.

Хабарлама беру тәсілдері:

- салық төлеушінің кабинеті арқылы (СӘАЖ АЖ "Құжаттарды тапсыру" бөлімінде – "Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама");

- "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы ("Сервис" – "ЖК салық режимін өзгерту");

- орналасқан жері бойынша МКБ - да (қағаз жеткізгіште);

 - екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы ("Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде – "ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту").

Маңызды! Егер көрсетілген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеушілер қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтардан басталатын жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.

Павлодар облысы бойынша МКД-ның

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1165066?lang=kk