Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті

19.02.2026 15:16:22 186

Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында "Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру" тақырыбында Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қатысуымен бизнес өкілдеріне арналған семинар өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің ережелерін талқылау болды. МКД қызметкерлері: Нұргүл Абзалқызы Казылова, берешекпен жұмыс басқармасының басшысы, Ғалия Темірбекқызы Сембаева, камералдық мониторинг басқармасының басшысы, Ерсін Сейфоллаұлы Харифоллин, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, Төлеген Білялұлы Шаймарданов, түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының басшысы баяндамалар жасады.

Күн тәртібі шеңберінде кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, соның ішінде салықтық әкімшілендіру мен есептіліктегі инновациялар, ҚҚС, корпоративтік табыс салығы, салық режимдері, камералдық бақылау, салықтық тексерулер бойынша өзгерістер, сондай-ақ мобильді аударымдар жұмысының тетіктері және т. б. түсіндірілді.

"Халық бухгалтері" республикалық акциясына ерекше назар аударылды. "Халық бухгалтері" кабинеті кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша тегін кеңес береді. Кеңес беруді "Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелері және МКБ мамандары жүргізеді.

Науқанның алғашқы айларында (қаңтар-ақпан) кабинеттің жұмыс кестесі аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Наурыз айынан бастап кеңес берулер аптасына 2 рет өтеді.

Осыған ұқсас кабинеттер Ақсу және Екібастұз қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында жұмыс істейді.

Семинар сындарлы форматта өтті.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1165280?lang=kk