Аят» автомобильдік өткізу пункті-інде түсті металл сынықтарын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді

Аят» автомобильдік өткізу пункті-інде түсті металл сынықтарын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді

19.02.2026 18:17:11 137

Баспасөз-релизі
«Аят» автомобильдік өткізу пункті-інде түсті металл сынықтарын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді
16 ақпанда Қазақстаннан Ресейге шығу бағытындағы «Аят» автомобильдік өткізу пунктінде RENAULT маркалы жүк көлігі тоқтатылды.
Тасымалдаушы ұсынған құжаттарға сәйкес, көлік құралы жүксіз бағыт алған. Алайда шекаралық «ДТСГ» жасағы мен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері бірлесіп жүргізген тексеру барысында автокөліктен жасырылған түсті металл қалдықтары мен латунь радиаторлары анықталды. Жалпы салмағы — 3 770 кг (шамамен 4 тонна).
Алдын ала бағалау бойынша, жүктің құны шамамен 15 млн теңгені құрайды.
Анықталғандай, металл автокөліктің конструктивтік ерекшеліктерін пайдалану арқылы жасырылған — цистернаның алдыңғы бөлігіне қосымша қақпақ дәнекерленіп, оның артына тауар орналастырылған.
Қазіргі уақытта тәркіленген жүк сараптамаға жіберілді. Барлық процессуалдық рәсімдер аяқталғаннан кейін материалдар сотқа жолданады.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 23 қазандағы №449 бұйрығына сәйкес елімізде қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын барлық көлік түрлерімен әкетуге тыйым салынған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1165584?lang=kk