Қазақстан мен Сауд Арабиясы экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады
20.02.2026 08:07:06 177
Рияд, 2026 жылғы 15 ақпан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Экономика және жоспарлау министрінің халықаралық экономикалық істер жөніндегі орынбасары Ракан Тарабзонимен келіссөздер жүргізді.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде бірлескен бастамаларды, сауда байланыстарын, сондай-ақ инфрақұрылым мен инновациялар салаларындағы әріптестікті ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар екі елдің экономикалық ведомстволары арасындағы диалогты жандандыруға және сауда мен инвестицияларды дамытуға ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілігін білдірді.
Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд экономикалық байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1165729?lang=kk