«KEDEN» ақпараттық жүйесінің 2025 жылғы Цифрлық қорытындылары туралы: жаңа сервистер және функционалдың кеңеюі

«KEDEN» ақпараттық жүйесінің 2025 жылғы Цифрлық қорытындылары туралы: жаңа сервистер және функционалдың кеңеюі

20.02.2026 11:31:28 231

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы кедендік әкімшілендіруді кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда.

2025 жылы кедендік рәсімдерді электрондық форматқа көшіру бағытында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. «KEDEN» ақпараттық жүйесін дамыту шеңберінде электрондық форматқа 12 кедендік мемлекеттік қызмет, рұқсат беру құжаттарының 3 түрі және кедендік декларациялардың 2 түрі (көлік құралына арналған және жолаушылар декларациясы) ауыстырылды.

Сонымен қатар, бизнес пен азаматтардың кеден органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған бірқатар жаңа цифрлық сервистер іске асырылды.

Жүйенің дизайны жаңартылып, функционалы едәуір кеңейтілді. Жаңа модульдер мен сервистер енгізілді, оның ішінде: тауарлар бойынша бағалық ақпаратты қарау, VIN-код арқылы көлік құралдарының кедендік тазартылуын тексеру, электрондық құжаттардың мәртебесін бақылау, бюджеттік төлемдерді онлайн төлеу, лицензиялармен және рұқсат беру құжаттарымен жұмыс жасау, қолжетімділік құқықтарын делегирлеу, жеке кабинетте құжаттарды басқару, Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО тізілімдеріне қол жеткізу, кеден органдарының интерактивті картасы, белсенді пайдаланушылар статистикасын көрсету.

«Жолаушылар кедендік декларациясы» және «Жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу» модульдері декларациялауды толық автоматтандыруды және мобильді қосымшалар арқылы құжаттарды тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етті.

«Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының аумағында багажды рәсімдеу процесі биометриялық технологияларды қолдану және шекара қызметімен интеграциялау арқылы толық автоматтандырылды.

Толыққанды ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында «KEDEN» ақпараттық жүйесінің мемлекеттік және сыртқы ақпараттық жүйелермен 46 интеграциясы іске асырылды. Бұл кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде қажетті мәліметтерді электрондық форматта алу және беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеу және іске қосуға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Модульді пайдалануға енгізу жақын уақытта жоспарлануда.

«KEDEN» ақпараттық жүйесінің қолдау қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.

Email: keden_support@kgd.minfin.gov.kz

Telegram: https://t.me/kedenkgdgovkz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1165976?lang=kk