«Осьминог» аквапаркін қайта жаңғырту жұмыстары

«Осьминог» аквапаркін қайта жаңғырту жұмыстары

20.02.2026 13:01:47 281

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласындағы «Осьминог» аквапаркін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. «Аймағымызда зауыттар мен фабрикалардан бөлек, балалар, жастар, отбасылар демалатын, көңіл көтеретін орындар да көп болуы керек», – деді аралау барысында.

Үш жыл ішінде облыста 30-дан астам спорттық нысан ашылды, оның ішінде 15 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спортзал, 4 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн. Былтыр жаңғыртудан кейін «Трудовые резервы» спорт кешені өз қызметін бастады.

Облыс орталығында аквапаркті қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жалпы аумағы екі есеге жуық ұлғайып, 9 мың шаршы метрден асады, ал су айдыны үш еседен астам көбейіп, мың шаршы метрден асады. Сыйымдылығы – 500 адам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1166105?lang=kk