Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлумен кездесу өткізді
20.02.2026 14:32:05 234
2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлумен кездесті.
Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметі туралы ақпарат беріп, сондай-ақ жүргізіліп жатқан заңнамалық реформалармен және Министрліктің негізгі жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Тараптар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық мәселелерін талқылады. ДИАҚБ өкілдеріне Конституция жобасын дайындау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара ризашылық білдіріп, алдағы жұмыста табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1166130?lang=kk