Алматыда Қазақстан–Италия сауда үйі салтанатты түрде ашылды

Алматыда Қазақстан–Италия сауда үйі салтанатты түрде ашылды

20.02.2026 17:21:10 108
Өткен жылы «Орталық Азия – Италия» саммиті кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда итальяндық сауда үйін ашу ұсынды. Бүгін, 2026 жылдың 20 ақпанында, Президенттің тапсырмасы аясында, Алматыда Қазақстан–Италия сауда үйінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа орталық Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған платформа болмақ.

Ашылу рәсімін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ашты. Оған Италия Сыртқы істер вице-министрі Эдмондо Чирелли, Made in Italy бағдарламасы бойынша вице-министр Валентино Валентини, Қазақстан Республикасының Италиядағы елшісі Ерболат Сембаев және Италияның Қазақстандағы елшісі Антонелло ди Риу қатысты.

Арман Шаққалиев Қазақстан мен Италия арасындағы сауда, инвестиция және өнеркәсіп саласындағы берік серіктестікке назар аударды. Италия Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі болып саналады. Сауда үйі компаниялар үшін жұмыс алаңына айналмақ. Мұнда кәсіпкерлер кеңес алып, серіктестерін тауып, бірлескен жобаларға қатысып, тәжірибе алмастыра алады.

Сауда үйі экспорт пен инвестицияны қолдауға бағытталған. Ол кәсіпорындарға бірлескен кәсіпорындар мен өнеркәсіп жобаларын құруға көмектеседі. Мұнда өндірістік ынтымақтастықты орнатып, технологиялармен тәжірибе алмасуға болады. Орталық Made in Italy белгісі бар өнімдерді ілгерілетуге және Қазақстанның шикізатқа тәуелсіз экспортын дамытуға ықпал етеді.

Сауда үйінің инфрақұрылымына іскерлік кездесулер, келіссөздер, конференциялар мен таныстырылымдарға арналған бөлмелер кіреді. Мұнда онлайн байланыс пен гибридтік іс-шараларды ұйымдастыруға арналған цифрлық шешімдер жұмыс істейді. Кәсіпкерлікті қолдау үшін орталықта Қазақстанның даму институттарының ақпараттық нүктелері орналастырылады. Олар ынтымақтастық мүмкіндіктері және мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпарат береді.

Арман Шаққалиев сауда үйі іскерлік диалогты нақты нәтижеге айналдыруға көмектесетінін атап өтті. Ол мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара әрекеттесу орталығына айналып, жобалар мен инвестицияларға қол жеткізуді жеңілдетеді, сауда байланыстарын дамытуға және инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

2025 жылы Қазақстан мен Италия арасындағы өзара сауда көлемі 16,9 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан Италияға экспортталатын негізгі өнімдерге шикі мұнай, өңделмеген алюминий, бидай, ферроқоспалар, тас көмір, кептірілген бұршақ дақылдары және пропилен полимерлері жатады.

Италиядан Қазақстанға импорт 2025 жылы 1,28 млрд АҚШ долларын құрады. Негізгі импорт тауарлары қатарында дәрі-дәрмек өнімдері, құбыр арматуралары, қара металдан жасалған құбырлар мен профильдер, материалдарды термиялық өңдеуге арналған жабдықтар, басқа да азық-түлік өнімдері, зергерлік бұйымдар және вакциналар бар.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1166392?lang=kk